Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Айт)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Айт)

Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей,
Киініп қыз - келіншек жарқылдайды,
Бір түрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.
Шаттықта, өңі ашыңқы бала - шаға,
Оларды ескірмейді қамқор ана.
Жастар да өз бетімен қырындап жүр,
Бұраң бел, жас сәулемді есіне ала.
Әр үйдің тілегенге есігі ашық,
Шаттық бар, жамандық ой кеткен қашып.
Сойған қой, берген қымыз құрметіне
Байлар да кердеңдейді алшаң басып.
Аттанған қожа - молда тиын қуып,
Сәлдемен он бес құлаш белді буып,
Мұрт басқан, сүрме тартқан, тырнақ кескен,
Дәретпен жып - жылтыр ғып бетті жуып.
Жалғыз - ақ дорба асынған кедей, кәріп,
Аштықтан өңі кеткен, беті де арып,
Әркімдер тиын - тебен беріп жатыр,
Дегенге «Құтты болсын, айт шәріп».
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров өлең Айт олен стихи султанмахмут торайгыров, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]