Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Неге жасаймын)
Сусыз, шетсіз шөлдерден,
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!
Қасқыр мен қой дос болып,
Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше!
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше;
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Жасамаймын: «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем», - деп,
Жасаймын: «Бір қолғабыс,
Кейінгіге берем», - деп.
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!
Қасқыр мен қой дос болып,
Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше!
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше;
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Жасамаймын: «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем», - деп,
Жасаймын: «Бір қолғабыс,
Кейінгіге берем», - деп.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Неге жасаймын)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қожеке, келдіңіз бе көңілім сұрай?)
» Өлең: Қадыр Мырза Али (Шарапат)
» Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Адам қолы талай жауды жайратқан)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жақсылық көрсем өзімнен)

Іздеп көріңіз: