Өлең: Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

Өлең: Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)

Қазақ едім, надан едім, тар едім,
Тендікке де, бостандыққа зар едім.
Компартия қанат бердің, әл бердің,
Тек кеуде де шыбыны бар жан едім.
Қырық жылымда талай астым қырқадан,
Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған,
Күрестер мен жеңістерден өткіздің
Естіді әлем дауысымды ән шырқаған.
Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді,
Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді,
Даңқы кетті көтеріліп аспанға
Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.
Ақындардан, артистерден, күйшіден,
Оқымысты қазақтардан, бәрінен,
Республика жастарынан, кәріден—
Алғыс саған: әкем, анам өзімнің,
Қарашығы, нұр жарығы көзімнің,
Алғыс, алғыс мерекелі күнімде,
Партия аты жүрегімде, тілімде.
Жасы мәңгі, жаса жүздер, мыңдарды,
Атта алдағы биіктерді, шыңдарды,
Жер жүзінде сүйіспендік орнасын,
«Соғыс» деген індет мүлде болмасын!
Ұлы еңбекпен белестерден өтейік,
Коммунизм күніне тез жетейік.
Аспандағы айға да жол ашайық,
Бар әлемге көктен гүлдер шашайық.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Алғыс саған партия өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Алғыс саған партия

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]