Өлең: Жұмағали Саин (Әнге айналған адам)

Өлең: Жұмағали Саин (Әнге айналған адам)

(Мұса Жәлел жайында)

Зар болып кең дүниемен тілдесуге,
Отырды ол соңғы түнек түрмесінде.
Біледі көп ұзамай үні өшерін,
Біледі табылмасын мүрдесі де.
Қу сүйек уыз тәні боршаланған,
Әлі жоқ қимылдауға шаршағаннан.
Дейді ол — тәнім тұтқын болғанымен,
Дұспан жоқ рухымды қоршап алған.
«Ұлы Отан, арқа тұттым ұраныңды,
Қолтықта арпалысқан ұланыңды!
Самалын туған жердің құй қаныма.
Тосайын ән-күйіңе құлағымды».
Сүйгендей оң көзінен ғашық жаны,
Шалқыды шабыттанған ақын жаны.
Маржан көл, мөлдір бұлақ, марқа таулар
Тізіліп көз алдында тұрды бәрі.
Талдым деп босаңсыған тәніне қас,
Жүрегі секілді еді әлгіде тас,
Жан тәні ыстық үнге балқып кеткен
Жәлелдің мөлтілдейді көзінде жас.
Ажалдың ызғары жоқ мерейінде
Жыр толқын тұрды лықсып көмейінде.
Жарқ етті көзінен от,— соңғы сөзді.
Дегенде — қанмен сызып көрейін де.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Әнге айналған адам өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Әнге айналған адам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]