Өлең: Жұмағали Саин (Есімде)

Өлең: Жұмағали Саин (Есімде)

Есімде, менің есімде,
Жаздың сұлу кешінде,
Маңайымда жел ғана,
Құшағымда сен ғана...

Есімде менің бүгіндей,
Даланын қызыл гүліңдей,
Алған демің білінбей,
Қарай бердің күлімдей.

Теңіз бе, өрт пе біз кештік,
Жүрекпен ғана тілдестік,
Тамырда оттар ойнады,
Денені бір күш жайлады...

Жалғастық ыстық сезіммен,
Әзің боп кеттім өзіңмен,
Тірлік те, жан да бір болды,
Жалынды жастық жыр болды.

Есімде әлі есімде,
Жаздың қоңыр кешінде,
Маңайымда жел ғана,
Құшағымда сен ғана...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Есімде өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Есімде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]