Өлең: Жұмағали Саин (Май жыры)
Құрыштай нық,
Кеуделі тік,
Ту ұстап
Жұмысшы тұр:
Сап-сап адам легінде.
Қаптаған гүл
Миллиондар бір.
Бір штаб:
Отанымда, біздің
Совет елінде,
Жұмысшы тұр
Тудай нұрлы,
Көтеріп жыр,
Кеудесі кең алып жас,
Тұр жарқылдап,
Үн саңқылдап:
— Алға!
Шапшаң!
Кетпе бірақ жүгіріп!
Тұрмын міне,
Еңбегіммен белді астым,
Алпысыншы
Жылдарменен жолдаспын,
Неге десең
Бітті нормам биылғы,
Алға кеттім,
Өмір солай бұйырды,
Тағы бердім
Алдағы он жыл жоспарын,
Артта қалсаң,
Сені тоқтап тоспадым.
Күреспесең
Өмір сыйын бере ме!
Айқаспасаң
Жеңіс тегін келе ме!
Күшің аспай
Шіркін еңбек өне ме!
Өнім қызбай
Коммунизм жеңе ме!
Дегендей - ақ
Жұмысшылар келбеті,
Түрленіп тұр,
Тулар асты, жер.беті,
Құбылып тұр
Қызыл арай
Көз тоймай,
Тамылжып тұр,
Маужырап тұр бүгін май.
* * *
Тракторшы,
Комбайншы,
Шырқады ән,
Май дабылын
Бұл да аспанға көтерді,
Көрікті таң,
Безеулі сән,
Ен сұлу шақ:
Ертеңді алға әкелді,
Дала,
Егін,
Жайқалған гүл,
Астық селін,
Мақтаған жыр,
Бәрі осында
Кернеп кеткен дүние.
Шұғылалы нұр
Төгер қымбат
Бізде әр күн.
Тамылжы Май!
Төгіл көктен
Күн нұры!
Төк!
Безендір!
Тағы да алда төгерсің...
Шырқа, достар!
Сайра, майдың бұлбұлы!
Жан рақатқа,
Жүрек жырға бөленсін!
Кеуделі тік,
Ту ұстап
Жұмысшы тұр:
Сап-сап адам легінде.
Қаптаған гүл
Миллиондар бір.
Бір штаб:
Отанымда, біздің
Совет елінде,
Жұмысшы тұр
Тудай нұрлы,
Көтеріп жыр,
Кеудесі кең алып жас,
Тұр жарқылдап,
Үн саңқылдап:
— Алға!
Шапшаң!
Кетпе бірақ жүгіріп!
Тұрмын міне,
Еңбегіммен белді астым,
Алпысыншы
Жылдарменен жолдаспын,
Неге десең
Бітті нормам биылғы,
Алға кеттім,
Өмір солай бұйырды,
Тағы бердім
Алдағы он жыл жоспарын,
Артта қалсаң,
Сені тоқтап тоспадым.
Күреспесең
Өмір сыйын бере ме!
Айқаспасаң
Жеңіс тегін келе ме!
Күшің аспай
Шіркін еңбек өне ме!
Өнім қызбай
Коммунизм жеңе ме!
Дегендей - ақ
Жұмысшылар келбеті,
Түрленіп тұр,
Тулар асты, жер.беті,
Құбылып тұр
Қызыл арай
Көз тоймай,
Тамылжып тұр,
Маужырап тұр бүгін май.
* * *
Тракторшы,
Комбайншы,
Шырқады ән,
Май дабылын
Бұл да аспанға көтерді,
Көрікті таң,
Безеулі сән,
Ен сұлу шақ:
Ертеңді алға әкелді,
Дала,
Егін,
Жайқалған гүл,
Астық селін,
Мақтаған жыр,
Бәрі осында
Кернеп кеткен дүние.
Шұғылалы нұр
Төгер қымбат
Бізде әр күн.
Тамылжы Май!
Төгіл көктен
Күн нұры!
Төк!
Безендір!
Тағы да алда төгерсің...
Шырқа, достар!
Сайра, майдың бұлбұлы!
Жан рақатқа,
Жүрек жырға бөленсін!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: