Өлең: Жұмағали Саин (Аққу әні)

Өлең: Жұмағали Саин (Аққу әні)

Қиясына шығып Кемер тауының,
Аққу әнін тыңдадың ба, бауырым?
Тыңдадың ба, күй сазына қандың ба!
Аққу болып өзің де әнге салдың ба!

Қос қанатын көкте баппен сабалап
Көлге қонбай ұшты ма аққу жағалап?
Сонда аспаннан төгілді ме сұлу ән,
Сонда саған жыр келді ме аққудан?

Сен қызығып қарадың ба, көрдің бе?
«Келші, кел!» деп, құшақ жайды кел кімге?
Кеме ішінде отырғандай сұлу жар,
Су үстінде ойнамай ма аққулар.

Білем достым!
Шымырлатып бойыңды,
Аққу әні жетеледі ойыңды.
Әдемі жыр саздарына бөлендің,
Сүйдің таза періштесін өлеңнің.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Аққу әні өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Аққу әні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]