Өлең: Жұмағали Саин (Таңқы мұрын қара қыз)

Өлең: Жұмағали Саин (Таңқы мұрын қара қыз)

Таңқы мұрын - қара қыз!
Кердең - кердең басасың,
Кес-кестейсің көшені,
Қандай қырдан асасың?!
Таңқы мұрын қара қыз!
Сөз сөйледің тақылдап,
Таң-тамаша қаламыз,
Тілдесейік жақындап,
Таңқы мұрын қара қыз!
Қалғаның не жаратпай!
Түнді аударып қайтып ең,
Қайда жорттың таң атпай!
Танкы мұрын қара қыз!
Бұйралапсың шашыңды,
Сүрмелепсің қасыңды,
«Аяқ» десем, «бас» дейсің,
«Таяқ» десем, «тас» дейсің...
Танкы мұрын қара қыз!
Қызмет жоқ, бейнет жоқ,
Әйтсе-дағы көйлек көк
Әйтсе-дағы тамақ тоқ.
Танкы мұрын қара қыз!
Тәрбиеге пысқырдың
Оқуға да төзбедің,
Үш тастадың, үш кірдің.
Таңқы мұрын қара қыз!
Арман да жоқ, ой да жоқ,
Сен баспаған көше жоқ,
Сен бармаған той да жоқ.
Таңқы мұрын қара қыз!
Табаның бір тозбайды,
Өтірік пен есекке
Сенен пенде озбайды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Таңқы мұрын қара қыз өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Таңқы мұрын қара қыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]