Өлең: Жұмағали Саин (Кәрібай шал)
Сексенде дәл осы жыл Кәрібай шал.
Ер еді тынысы кең, бейне бір нар.
Бақытты бұл колхоздың қариясы,
Не керектің үйінде бәрі де бар.
Түскен ақ сақал-мұртқа, анау шашқа,
Алтынмен жазылғандай бейне тасқа,
Қайрат пенен енбектің айғағыңдай,
Бір ғасыр үлгі болған талай жасқа.
Бір кезде балғын дене, албырт жанды
Көрдім мен, көргенсің сен осы адамды.
Ауылда сонет құрған, колхоз ашып,
Ұйқысыз өткізіп бұл талай таңды.
Лениндік біздің заман тартқанда ірге,
Мұның адал жүрегі соққан бірге.
Сауатсыз еді ол онда. Ақ жүрегі,
Бір мықты кірпіш болған жаңа өмірге.
ВҚП(б) билетін алғанда бұл
Не он тоғыз, болмаса, жиырманшы жыл.
Ұққан сырын заманның, қатты ойлаған
Қандай бақыт, алдында не кезең тұр.
Партия кешкен талай жорықтарда
Бұл солдаттай тынымсыз жүрген алда.
Адал, шапшаң бар ісін орындаған
Күз нөсерде, қыс қатал борандарда:
Ат үстінде күндіз, түн атой салып,
Үйінде отырмайтын демін алып,
Партияның елдегі жаршысында
Осы жанды ұмытар адам нағып.
Елімізде, колхозда болған жайды
Әрқашан жүрегімен қабылдайды,
Әлі де іске даяр, батыл, өктем,
Партия үшін өз жанын аямайды.
Күндегі әдетінше ойлы, асқар,
Балаларын жиып ап, деді — жастар!
Асқақтау, көтеріңкі ұстады өзін
Анау бір көздеріңдей іске бастар.
Ер еді тынысы кең, бейне бір нар.
Бақытты бұл колхоздың қариясы,
Не керектің үйінде бәрі де бар.
Түскен ақ сақал-мұртқа, анау шашқа,
Алтынмен жазылғандай бейне тасқа,
Қайрат пенен енбектің айғағыңдай,
Бір ғасыр үлгі болған талай жасқа.
Бір кезде балғын дене, албырт жанды
Көрдім мен, көргенсің сен осы адамды.
Ауылда сонет құрған, колхоз ашып,
Ұйқысыз өткізіп бұл талай таңды.
Лениндік біздің заман тартқанда ірге,
Мұның адал жүрегі соққан бірге.
Сауатсыз еді ол онда. Ақ жүрегі,
Бір мықты кірпіш болған жаңа өмірге.
ВҚП(б) билетін алғанда бұл
Не он тоғыз, болмаса, жиырманшы жыл.
Ұққан сырын заманның, қатты ойлаған
Қандай бақыт, алдында не кезең тұр.
Партия кешкен талай жорықтарда
Бұл солдаттай тынымсыз жүрген алда.
Адал, шапшаң бар ісін орындаған
Күз нөсерде, қыс қатал борандарда:
Ат үстінде күндіз, түн атой салып,
Үйінде отырмайтын демін алып,
Партияның елдегі жаршысында
Осы жанды ұмытар адам нағып.
Елімізде, колхозда болған жайды
Әрқашан жүрегімен қабылдайды,
Әлі де іске даяр, батыл, өктем,
Партия үшін өз жанын аямайды.
Күндегі әдетінше ойлы, асқар,
Балаларын жиып ап, деді — жастар!
Асқақтау, көтеріңкі ұстады өзін
Анау бір көздеріңдей іске бастар.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: