Өлең: Жұмағали Саин (Таң мен адам)

Өлең: Жұмағали Саин (Таң мен адам)

Таң бозарып атқан шақ,
Әдемі салқын жел тұрды.
Еркелеп желмен бірге ойнап,
Үкілі бидай құлпырды.

Шақырып күнді боз торғай
Әдемі сазбен үн қатты,
Құлпырды сұлу көк орай,
Табиғат таңға тіл қатты.

Ормандар жайып жапырағын,
Сыланып құстай таранды,
Кідіріп шықпай, тұрды күн,
Құрметпен күтіп адамды.

Әмір етті ми мен күш,
Асау дүние жеңілді.
Жасап жатты асығыс,
Адам, өнбек өмірді.

Көк жиектен баспалап,
Құм қарады адамға!
Күн қарады адамға,
Күн қарады заманға.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Таң мен адам өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Таң мен адам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]