Өлең: Жұмағали Саин (Никос Беллоянистің өліміне)

Өлең: Жұмағали Саин (Никос Беллоянистің өліміне)

Атты жау,
Алды өлім бүгін кімді?
Қақ жарған ерді алды ма қара түнді!
Кім жоймақ от жүректі,
Ақыл, ойды,
Кім жоймақ халық үшін туған ұлды?!
Оқ тиді.
Құлады ер жерді құшты.
Ұрыдай түнде жендет қанын ішті.
Бірақ та өмірі оның үзілмеді,
Жүрегі жалын болып аспанға ұшты.
Қақ жарып Греция қара түнін
Жүрегі лаулап жанып тұрды мұның.
Кір шалмас коммунистік адал жаны
Қаттырақ бұрынғыдан шығарды үнін.
Саңқ етті ол!
Шақырды елін, сілтеді алға
Майданға! күрес пенен атар таңға!
Жалғасып миллиондармен кетті өмірі —
Өшпеді оқтан өзі жығылғанда.
Өлікке үнсіз ғана иіп - басын,
Ызалы гректер тұр төкпей жасын.
Солардың жүрегінде күндей жанған
Кім жоймақ коммунизм шұғыласын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Никос Беллоянистің өліміне өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Никос Беллоянистің өліміне

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]