Өлең: Жұмағали Саин (Орман туралы жыр)

Өлең: Жұмағали Саин (Орман туралы жыр)

Құлпырды құмайт, жапты орман
Колхоздың еңбек даласын.
Жарқылдап күлді бар адам,
Аралап тоғай арасын.
Сасырды сусыз қаңсыған
Тотыдай тоқсан түлеткен
Жаудырды ел алғыс - алғыстан
Кесемге, сүйген жүрекпен.
Аңызақ соққан күндіз - түн,
Шөлдерге бітті жана тұр,
Ырысы болды колхоздың
Құм сауырын басты гүл.
Тақырға ағаш ектіріп,
Тотыдай құмды түлеткен;
Алғысын айтты ел жеткізіп,
Көсемге сүйген жүректен.
Табаның күйген, тас жанып,
Елсізді бүгін басты орман.
Толқыды бидай бас жарып,
Еңбекке қойнын ашты орман.
Жаңғырды колхоз, жаңғырды ел,
Өмірмен — жаңа тілекпен.
Жолдады ыстық сәлемдер
Көсемге сүйген жүрекпен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Орман туралы жыр өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Орман туралы жыр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]