Өлең: Жұмағали Саин (А. С. Пушкин)

Өлең: Жұмағали Саин (А. С. Пушкин)

Отты жүрек,
Өткір сөз, ақыл кені,
Сен өмірдің
Тереңнен ұқтың тілін.
Арман етіп
Халықтың келешегін,
Жырға қостың
Тербедің елдің сырын.
Жеттің бізге
Нажағай жарқылыңдай,
Бұлтты күндер
Көгінде ойран салған!
Жеттің тотсыз.
Өмірдің алтынында,
Жеттің бақыт күніне
Еткен арман.
Жеттің өткір қылыштай
Тот баспаған —
Тар қыспағын заманның
Кесіп өтіп,
Алпыстағы колхозшы
Қазақ маған
Баппен салар жырынды
Өлеңдетіп.
Ғасырларды
Жырыңмен басып өтіп.
Бізбен бірге
Аттандық болашаққа.
Жүрдік
Бейбіт мезгілде өлеңдетіп,
Қан майданда —
Қарулы тұрдың сапта.
Өзін айтқан барлық ел —
Барлық тілде,
Айтты ардақты атынды
Өз ұлыңдай.
Тірі адамдай
Сен жүрсің бізбен бірге,
Сөнбес жарық
Көктегі жұлдызымдай.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын А С Пушкин өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, А С Пушкин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]