Өлең: Жұмағали Саин (Россия туралы сөз)
Россия!
Сөз айтамын саған арнап.
Бүкіл әлем тыңдасын
Жүрек сырып!
Құшағыңды аш
Туысқан
Ұлы халық!
Күлім қағып қабылда
Ақын жырын.
Маған қазақ тапсырды
Айт деп саған!
Өз сәлемін,
Өз сөзін жүрегінің
Білсін деді,
Бар әлем,
Дос пен дұшпан,
Мәңгі
Орыстан
Бірлігін тілегінің.
Россия!
Арманы едің Шоқан, Абай,
Анасындай
Тербеткен қос жүрегің,
Суарсам деп
Бәріңмен сенін балдай,
Олар арман етіп
Еді қазақ елін.
Россия!
Сенсіз бар ма менде бақыт!
Сенде жарық жұлдызы
Адамдықтың.
Сен туғыздық
Күнімді жарқыратып.
Сен иесі
Кісілік
Адалдықтың.
Россия!
Бақыт туын көтердің сен,
Сен бірлік пен
Достықтың
Қайнар көзі.
Бар адамның,
Бар ұлттың
Жер шарында,
Сенімен бір тілегі,
Айтар сөзі
Анау теңіз
Ар жағы
Діріл қағып,
Жасап атом бомбасын
Елді қырмақ.
Таңды өшіріп,
Адамға ойран салып,
Жауыз!
Алтын несі
Өзі тұрмақ.
Жеңдірмейді,
Бермейді ешкімге оны.
Россия!
У а, Россия!
Туған жерім,
Сөнбес күнім,
Бақытым, мәңгі менің.
Өз жүрегім,
Өз жаным,
Өз Отаным
Деп айтады
Атыңды қазақ сенің.
Россия!
Алдындасың
Бар халықтың,
Бейбітшілік
Төріне
Жол сілтеген.
Адам ұлы
Миллиондап
Сапқа тұрды.
Бітсін соғыс!
Жасасын
Өмір деген,
Сен бастадың,
Бекінді
Бар адамзат
Шайқасуға
Соғыспен,
Өлімменен.
Жауыз!
Доллар иесі
АҚШ-тағы
Сүйресе де
Найзасын,
Бомбаларын,
Өшіре алмас
Ұранды бейбітшілік —
Сағат сайын қаптаған
Жердің шарын.
Россия!
Бақыт туы
Желбіреген,
Сен бірлік пен Достықтың қайнар көзі.
Бар адамның, Бар ұлттың жер шарында
Сенімен бір тілегі, Айтар сөзі.
Сөз айтамын саған арнап.
Бүкіл әлем тыңдасын
Жүрек сырып!
Құшағыңды аш
Туысқан
Ұлы халық!
Күлім қағып қабылда
Ақын жырын.
Маған қазақ тапсырды
Айт деп саған!
Өз сәлемін,
Өз сөзін жүрегінің
Білсін деді,
Бар әлем,
Дос пен дұшпан,
Мәңгі
Орыстан
Бірлігін тілегінің.
Россия!
Арманы едің Шоқан, Абай,
Анасындай
Тербеткен қос жүрегің,
Суарсам деп
Бәріңмен сенін балдай,
Олар арман етіп
Еді қазақ елін.
Россия!
Сенсіз бар ма менде бақыт!
Сенде жарық жұлдызы
Адамдықтың.
Сен туғыздық
Күнімді жарқыратып.
Сен иесі
Кісілік
Адалдықтың.
Россия!
Бақыт туын көтердің сен,
Сен бірлік пен
Достықтың
Қайнар көзі.
Бар адамның,
Бар ұлттың
Жер шарында,
Сенімен бір тілегі,
Айтар сөзі
Анау теңіз
Ар жағы
Діріл қағып,
Жасап атом бомбасын
Елді қырмақ.
Таңды өшіріп,
Адамға ойран салып,
Жауыз!
Алтын несі
Өзі тұрмақ.
Жеңдірмейді,
Бермейді ешкімге оны.
Россия!
У а, Россия!
Туған жерім,
Сөнбес күнім,
Бақытым, мәңгі менің.
Өз жүрегім,
Өз жаным,
Өз Отаным
Деп айтады
Атыңды қазақ сенің.
Россия!
Алдындасың
Бар халықтың,
Бейбітшілік
Төріне
Жол сілтеген.
Адам ұлы
Миллиондап
Сапқа тұрды.
Бітсін соғыс!
Жасасын
Өмір деген,
Сен бастадың,
Бекінді
Бар адамзат
Шайқасуға
Соғыспен,
Өлімменен.
Жауыз!
Доллар иесі
АҚШ-тағы
Сүйресе де
Найзасын,
Бомбаларын,
Өшіре алмас
Ұранды бейбітшілік —
Сағат сайын қаптаған
Жердің шарын.
Россия!
Бақыт туы
Желбіреген,
Сен бірлік пен Достықтың қайнар көзі.
Бар адамның, Бар ұлттың жер шарында
Сенімен бір тілегі, Айтар сөзі.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: