Өлең: Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)

Өлең: Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)

Қабақ қатқан сұрланып,
Үнсіз...Айқас басталды.
Жосыды оқтар зыр қағып,
Екі жақ та бас салды.
Ажал ашып аранын,
Жұтты жанды талғамай,
Қолда қару-жарағын
Қалған кім бар қандамай?
Өтті нөсер...
Тынды айқас
Бір тұңғиық сыр тастап,
Тұрды солдат бір жап-жас
Қыр басында ойқастап...
Өлік жатты қасында.
Көк шинельге оранған,
Ызғарлы еді басында,
Түсі суық бораннан.
Езу тартты жас солдат,
Автоматын асынып.
Болса - дағы өлік жат,
Кетті бетін жасырып...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Ұрыстан кейін өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Ұрыстан кейін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]