Өлең: Жұмағали Саин (Украина қызына)

Өлең: Жұмағали Саин (Украина қызына)

Жайланып, қару-жарақсыз,
Жатырмын, мұнда мен неге?
Өр жүрегім тағатсыз,
Жабырқау тарттың сен неге?
Майдандас достан айырып,
«Жан сауға ма» мені алған.
Сәулетсіз қара тіршілік,
Еттім қашан сені арман!
Төсекке тарттың тән - дене,
Қалды жорық... қалды ду...
Жалынбас ғұмыр пендеге,
Жалынды жүрек, болдың у...
Босат мені, қарағым,
Украина қызы, қарындас.
Қайда екен қару-жарағым;
Қайда майдан, қанда айқас.
Жорыққа мен де енейін,
Оқ жаудыра түн бойлап,
Жаралы жанмын демейін,
Отанды ойлап, елді ойлап
Тұтанып санам, толып ар,
Қысады мені жан-жақтан.
Бер қаруды, бер майдан.
Күреспен өмір артықсын.
Телміріп мұнда жатқаннан,
Тең ұрыста жан шықсын.
Ағалап бір көз жалынды
Қадірлі сұлу қара көз.
Көрсетіп ақ қан қанымды,
Күңірене маған айтты сөз,
— Тоқта, жолдас, тоқта дос,
Жаралы денең жай тапқыз.
Сүйдім ерлер жүрегін,
Сүйдім ұлы жорығын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Украина қызына өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Украина қызына

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]