Өлең: Жұмағали Саин (Айтылмай кеткен аманат)
(Жаудың оғынан қаза тапқан партизандары Әбдеш Ғабдолов пен Василий Шербаковқа ескерткіш)
I
Ауыр бір минут басталды,
Айта алмас.адам тіл жетіп,
Ат қойдық фашист қолына,
Күн аңдысқан түн бекіп.
Дірілдеп кетті жер мен көк,
Дүмпуге ұлы шыдамай.
Дүниеге қайран еттім мен,
Қалайша тұр деп құламай.
Жер бауырлай жөңкіле
Танкі ұмтылды, қызды айқас.
Салмағына шыдамай,
Қақ жарылды қара тас.
Сүзгіледі көк темір,
Жекпе-жекте екі дай,
Дірілдеп жер құйқасы,
Жарқылдады нажағай!
Жалынменен аралас,
Ер ұмтылды із қалды,
Ебелек өмір ұшқыны,
Бір басылды, бір жанды.
Қарқылдап күлді сұм ажал,
Қабырға тартып қан жұтып!
Қаусады гүлдей сан боздақ,
Жау аңдыған, жан күтіп.
Жаңбырдай жерге оқ жауды.
Серейді өлік... ақты сел...
Жарасын баса қолымен,
Ызалы алға жүгірді ер.
Қамалды мұндай кім көрген,
Қан сасыды жер мен көк.
Қадамың апат бір төнген,
Артың жалын, алдың шоқ.
Қара күрең жер - дағы,
Қан тамырын өрт шалған.
Қазылып жатыр топырағы
Қатерде тұр бұл жалған.
Қарсы ұмтылған ажалға
Ар, адамдық, намыс шам.
Қайран ел, сенің жолыңда,
Жар садаға, жан құрбан.
II
Күшейе түсті бұл шайқас,
Серігім кетті оққа ұшып.
Көзіме қанды жас алдым,
Қансыра оны мен құшып,
Қайран өмір, қайран ер,
Қалайша кеттің сен тастап.
Ажалға қарсы аттанған,
От жамылып, оқ жастап,
Өмірдің уыз бағыланы,
Жас нәресте кейпінде,
Жабығу деген бар ма еді,
Жалынды сенің көркіңде?!
Уа, дариға, жастық шақ,
Жаңа бір атқан қызғалдақ,
Жабылмай шоғың тұрса ұзақ,
Жалығарар ма еді-ау жан қарап!
Жұмылды – ау көзің тас болып,
Қараңғы тартқан бейуақтай.
III
Күбірлеп сонда сөйледі ол,
Қолымды қатты бір қысып;
Жас жаны сая тапқандай,
Құтыдан жұтым суды ішіп:
—Анам бар еді алпыста,
Аппақ шашын күн сүйген,
Асыл еді жүрегі,
Айнымаған бір күйден,
Бесігіме телміріп,
Ай батқанша қараған,
Ақ уілдір бөбегін
Асқарлы шыңға санаған,
Айбарлы туың, ақ балаң
Алысқа кетті дегейсің,
Ажалменен айқасқан,
Шабыста кетті дегейсің.
Жауар күндей күркіреп,
Жауға төнді дегейсің.
Адам жегіш жендетті
Жаншып өлді дегейсің.
Он фашисті бір өзі
Қанға малды дегейсің.
Қайрылуға тынысы
Жетпей қалды дегейсің.
Ана, сенің атыңды,
Ақтап өлді дегейсің
Жүрегінде имандай
Сақтап өлді дегейсің!
* * *
Қара көзі от жанған,
Ақ жүзінен нұр тамған.
Қарындасым Қарлығаш,
Айта гөр соған, ағажан;
Екі көзден жас төгіп,
Қамықпасын дегейсің,
Қайғы бұлтын жамылып,
Зарықпасын дегейсің,
Ертелі-кеш егілген
Ел болмайды дегейсің!
Ер намысын қумаған
Жан оңбайды дегейсің!
Аға жаудан өлгенде,
Іні қалар дегейсің!
Ақ найзаның ұшымен
Кегін алар дегейсің!
Жас орнына намыстың,
Отын жақсын дегейсің!
Шинель киіп үстіне,
Қылыш тақсын дегейсің!
Қас жауынан есесін,
Қанмен алсын дегейсің!
Ер майданда айқасып,
Ұрыс салсын дегейсің!
IV
Егіле сөзін тыңдадым,
Езгі өмірден ер кетті.
Еліне сәлем жолдады.
Енді аттанар көз жетті.
Ерінімді қатты тістедім,
Етімді жара жапқандай!
Тұңғиық ойға қамалдым,
Төбемде күнім батқандай.
Қайта міндім атыма,
Қалшылдап бойда кекті ашу.
Ішімде жалын лапылдап,
Булығып сыртқа тепті ашу.
Жау тобына айқастым,
Домалады талай бас.
Турады баудай зұлымды
Пар кескен қиғыр ақ алмас.
Жусады неміс солдаты,
Жайпады көзім жалындай!
Жалт берді бір кез жас үміт,
Жалғаншы бейне сағымдай...
Жығылдым аттан... жер тартты,
Жетті деп кезің көз жұмар,
Үлпілдеп тосты мамығын
Аппақ жон сұлу ақша қар
Асау бір менің жүрегім,
Алқына соқты «Ар! Ар!» деп,
Етектен өлім жабысты,
Енді сен ұйықта. «Қал! Қал!» деп.
Қаламсыз жаздым сонда мен,
Қаныммен ақ қан жер сызып.
Қалаулы өмір кезеңін
Көзімнен бір-бір өткізіп.
— «Қадірлі едің, туған жер,
Қасиетті еді сенде өмір.
Қолымнан ұшқан құс болды
Қайрылмас маған енді о бір.
Қарағай, қайың, тау, орман,
Құрбыжан дүние кең сарай,
Жарасып әзіл, қалжыңым,
Өткіздім жасты бірталай.
Таусылды дәмің мен татар,
Тағдырға кенді ер жүрек,
Қабырға келер сүйген жар,
Қарақат көзі мөлдіреп.
Кешіңдер мені, жас құрбым,
Кей кезде қатты күлсем мен,
Кес-кестей алдын тобыңның,
Кекжие қарап жүрсем мен.
Кеудеме біткен ұлы күш,
Көлеңке тартпай көкке асса,
Көнбеймін өмір десе де,
Көндірем деп айқасса,
Кешіңдер мені сонда да,
Мен кешермін бәрінді,
Кешпесін жалғыз сұңғыла
Жалған дос, жады, залымды,
Қадірлі менің Украина,
Қабырым сенде салынар,
Көмірдей қара топырағың,
Кебінім болды жамылар.
Туған жерден - сен қымбат,
Жүрегімнен қан тамған,
Өн бойымды оқ шарлап,
Маңдайымды күн шалған.
Айқасқан құшақ айрылмас,
Айғағы болсын осы жер.
Әділет пенен зұлымдық
Майданы болған осы жер»
Жан тапсырар кезімде,
Жалпыға арнай жаздым хат,
Жаныма қатты батқан соң,
Жан досым айтқан аманат.
Тауып оқыр достарым,
Жерде қалмас осы хат,
Ел аузында жыр болар,
Айтылмай кеткен аманат.
I
Ауыр бір минут басталды,
Айта алмас.адам тіл жетіп,
Ат қойдық фашист қолына,
Күн аңдысқан түн бекіп.
Дірілдеп кетті жер мен көк,
Дүмпуге ұлы шыдамай.
Дүниеге қайран еттім мен,
Қалайша тұр деп құламай.
Жер бауырлай жөңкіле
Танкі ұмтылды, қызды айқас.
Салмағына шыдамай,
Қақ жарылды қара тас.
Сүзгіледі көк темір,
Жекпе-жекте екі дай,
Дірілдеп жер құйқасы,
Жарқылдады нажағай!
Жалынменен аралас,
Ер ұмтылды із қалды,
Ебелек өмір ұшқыны,
Бір басылды, бір жанды.
Қарқылдап күлді сұм ажал,
Қабырға тартып қан жұтып!
Қаусады гүлдей сан боздақ,
Жау аңдыған, жан күтіп.
Жаңбырдай жерге оқ жауды.
Серейді өлік... ақты сел...
Жарасын баса қолымен,
Ызалы алға жүгірді ер.
Қамалды мұндай кім көрген,
Қан сасыды жер мен көк.
Қадамың апат бір төнген,
Артың жалын, алдың шоқ.
Қара күрең жер - дағы,
Қан тамырын өрт шалған.
Қазылып жатыр топырағы
Қатерде тұр бұл жалған.
Қарсы ұмтылған ажалға
Ар, адамдық, намыс шам.
Қайран ел, сенің жолыңда,
Жар садаға, жан құрбан.
II
Күшейе түсті бұл шайқас,
Серігім кетті оққа ұшып.
Көзіме қанды жас алдым,
Қансыра оны мен құшып,
Қайран өмір, қайран ер,
Қалайша кеттің сен тастап.
Ажалға қарсы аттанған,
От жамылып, оқ жастап,
Өмірдің уыз бағыланы,
Жас нәресте кейпінде,
Жабығу деген бар ма еді,
Жалынды сенің көркіңде?!
Уа, дариға, жастық шақ,
Жаңа бір атқан қызғалдақ,
Жабылмай шоғың тұрса ұзақ,
Жалығарар ма еді-ау жан қарап!
Жұмылды – ау көзің тас болып,
Қараңғы тартқан бейуақтай.
III
Күбірлеп сонда сөйледі ол,
Қолымды қатты бір қысып;
Жас жаны сая тапқандай,
Құтыдан жұтым суды ішіп:
—Анам бар еді алпыста,
Аппақ шашын күн сүйген,
Асыл еді жүрегі,
Айнымаған бір күйден,
Бесігіме телміріп,
Ай батқанша қараған,
Ақ уілдір бөбегін
Асқарлы шыңға санаған,
Айбарлы туың, ақ балаң
Алысқа кетті дегейсің,
Ажалменен айқасқан,
Шабыста кетті дегейсің.
Жауар күндей күркіреп,
Жауға төнді дегейсің.
Адам жегіш жендетті
Жаншып өлді дегейсің.
Он фашисті бір өзі
Қанға малды дегейсің.
Қайрылуға тынысы
Жетпей қалды дегейсің.
Ана, сенің атыңды,
Ақтап өлді дегейсің
Жүрегінде имандай
Сақтап өлді дегейсің!
* * *
Қара көзі от жанған,
Ақ жүзінен нұр тамған.
Қарындасым Қарлығаш,
Айта гөр соған, ағажан;
Екі көзден жас төгіп,
Қамықпасын дегейсің,
Қайғы бұлтын жамылып,
Зарықпасын дегейсің,
Ертелі-кеш егілген
Ел болмайды дегейсің!
Ер намысын қумаған
Жан оңбайды дегейсің!
Аға жаудан өлгенде,
Іні қалар дегейсің!
Ақ найзаның ұшымен
Кегін алар дегейсің!
Жас орнына намыстың,
Отын жақсын дегейсің!
Шинель киіп үстіне,
Қылыш тақсын дегейсің!
Қас жауынан есесін,
Қанмен алсын дегейсің!
Ер майданда айқасып,
Ұрыс салсын дегейсің!
IV
Егіле сөзін тыңдадым,
Езгі өмірден ер кетті.
Еліне сәлем жолдады.
Енді аттанар көз жетті.
Ерінімді қатты тістедім,
Етімді жара жапқандай!
Тұңғиық ойға қамалдым,
Төбемде күнім батқандай.
Қайта міндім атыма,
Қалшылдап бойда кекті ашу.
Ішімде жалын лапылдап,
Булығып сыртқа тепті ашу.
Жау тобына айқастым,
Домалады талай бас.
Турады баудай зұлымды
Пар кескен қиғыр ақ алмас.
Жусады неміс солдаты,
Жайпады көзім жалындай!
Жалт берді бір кез жас үміт,
Жалғаншы бейне сағымдай...
Жығылдым аттан... жер тартты,
Жетті деп кезің көз жұмар,
Үлпілдеп тосты мамығын
Аппақ жон сұлу ақша қар
Асау бір менің жүрегім,
Алқына соқты «Ар! Ар!» деп,
Етектен өлім жабысты,
Енді сен ұйықта. «Қал! Қал!» деп.
Қаламсыз жаздым сонда мен,
Қаныммен ақ қан жер сызып.
Қалаулы өмір кезеңін
Көзімнен бір-бір өткізіп.
— «Қадірлі едің, туған жер,
Қасиетті еді сенде өмір.
Қолымнан ұшқан құс болды
Қайрылмас маған енді о бір.
Қарағай, қайың, тау, орман,
Құрбыжан дүние кең сарай,
Жарасып әзіл, қалжыңым,
Өткіздім жасты бірталай.
Таусылды дәмің мен татар,
Тағдырға кенді ер жүрек,
Қабырға келер сүйген жар,
Қарақат көзі мөлдіреп.
Кешіңдер мені, жас құрбым,
Кей кезде қатты күлсем мен,
Кес-кестей алдын тобыңның,
Кекжие қарап жүрсем мен.
Кеудеме біткен ұлы күш,
Көлеңке тартпай көкке асса,
Көнбеймін өмір десе де,
Көндірем деп айқасса,
Кешіңдер мені сонда да,
Мен кешермін бәрінді,
Кешпесін жалғыз сұңғыла
Жалған дос, жады, залымды,
Қадірлі менің Украина,
Қабырым сенде салынар,
Көмірдей қара топырағың,
Кебінім болды жамылар.
Туған жерден - сен қымбат,
Жүрегімнен қан тамған,
Өн бойымды оқ шарлап,
Маңдайымды күн шалған.
Айқасқан құшақ айрылмас,
Айғағы болсын осы жер.
Әділет пенен зұлымдық
Майданы болған осы жер»
Жан тапсырар кезімде,
Жалпыға арнай жаздым хат,
Жаныма қатты батқан соң,
Жан досым айтқан аманат.
Тауып оқыр достарым,
Жерде қалмас осы хат,
Ел аузында жыр болар,
Айтылмай кеткен аманат.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: