Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)

Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)

Кәрі дүние шайқалды тағы да бір,
Торлады бұлт күн көзін, басты ауыр зіл.
Жарақты жау жалмауыз ажал - сынды
Келсін маған» деп менің алдымда тұр.
Кеттім. Қауіп дүниесі еншім менің,
Садағыңмын, қасиетті Отан, сенің.
Қанды жорық жолына бірге аттан,
Жарып шығар кеудемді өлеңдерім!
Нағыз баса табанды, сұр шинельмен,
Шықтым жолға достар көп қасыма ерген,
Оның Шолпан жұлдызың сөнбесін деп,
Қысқа ғана қоштастым туған елмен.
Жеткіз жылдам. Майданның даласына,
Оқ пен оттың қаулаған арасына!
Ақса қаным, анамдай мені өсірген
Шипа болар Отанның жарасына.
Жеткіз мені! Қарсы алсын өрт пен жалын!
Саған, жолдас қолбасшы, жалынамын,
Кескілескен айқаста бір сынайын
Кердең басқан көшеде ақын жаны».
Жеткіз!
Оған қауіпте, тез барайын,
Тез барайын, фашистен кек алайын,
Түндей қара жүрегін тура тіліп,
Қақ жарымды қанына бір малайын.
Қас жауымды мұқатпай қарсы шауып,
Тоғыз ажал, тұрса да тоқсан қауіп,
Жамды азаға, жүректі жауға тоспай,
Жата алмаспын үйімде ләззат тауып.
Қош, туған жер! Көрермін келсем тірі,
Жүзің ыстық, не деген қойының жылы!
Топырағыңмен жабарсың жас денемді,
Болсам егер құрбанның мен де бірі.
Ер партиям, ана боп сен тербеттің,
Білім бердің, өсірдің, мен ер жеттім.
Саған төнген қауіпке қарсы аттанып
Ақ жолыңда өлуді арман еттім.
* * *
Шайқасқа кеттім ел үшін,
Шарт сынау болат салты деп.
Шабуылға сан кірдім,
Артылсын Отан даңқы деп.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Аттанарда өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Аттанарда

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]