Өлең: Жұмағали Саин (Айрылысқан досқа)
Деушілер сені саналы жан
Өзімді де әм сондай,
Біріміз нұр жанар Шолпан
Екіншіміз алтын ай.
Мен де Шолпан емес екем,
Аспандағы сен де ай,
Біз жабайы жан екенбіз
Кез болысқан тек былай.
Оған міне жетті көзім
Ашылды сыр, бар жұмбақ,
Айтқызғандай соңғы сөзін
Айналаның бәрі айғақ.
Саған кінә тақпан жалғыз,
Сақ сындырма, есен бол!
Әлі талай жолығармыз
Көш көптікі, бірге жол...
Өзімді де әм сондай,
Біріміз нұр жанар Шолпан
Екіншіміз алтын ай.
Мен де Шолпан емес екем,
Аспандағы сен де ай,
Біз жабайы жан екенбіз
Кез болысқан тек былай.
Оған міне жетті көзім
Ашылды сыр, бар жұмбақ,
Айтқызғандай соңғы сөзін
Айналаның бәрі айғақ.
Саған кінә тақпан жалғыз,
Сақ сындырма, есен бол!
Әлі талай жолығармыз
Көш көптікі, бірге жол...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: