Өлең: Жұмағали Саин (Құлпыра берші, кең дала)

Өлең: Жұмағали Саин (Құлпыра берші, кең дала)

Құлпыра берші, кен, дала,
Гүліңді күнде терейін!
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін!
Жасауыңды жайнатып,
Алдыма тегіс үйейін,
Нәрестедей балдырған,
Қуанып сақ-сақ күлейін.
Құлпыра берші, кең дала,
Қызығып күнде қарайын!
Махаббат, шаттық бәрін де
Бір өзіңнен табайын.
Гүліңді құшып күн сайын,
Кең бақшаңда жүрейін,
Қанбағандай құмарым
Тағы да сақ-сақ күлейін.
* * *
Ми шіркін, адамзатқа алтын сарай,
Ескісі, ертегісі не деген бай,
Дақ түспей бәрі орнында сақталады,
Көргенің, естігенің, талай-талай.
Ми жомарт, менің - дағы жан серігім,
Ақтарып көптен бергі жиған жүгін.
Досына ауыр күнді ескертпек боп,
Маңызды бір әңгіме айтты бүгін.
* * *
Арманы көп,
Айтары жоқ
Кейбір жан.
Өзі «мен» деп,
Елді «кем» деп
Кеуде ұрған.
Нығыз басқан,
Көптен қашқан
Кәрі паң.
Оған бар — жоқ,
Бетінде ар жоқ
Антұрған.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Құлпыра берші кең дала өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Құлпыра берші кең дала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]