Өлең: Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)

Өлең: Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)

Сенің ғана бесігіңде
Бірінші рет шыққан үнім,
Сенен туған адал қанды
Ақ ниетті менмін ұлың.
Әлі аузымда кепкен жоқ
Емген сүтім, жаным ана.
Сен қамқорым дүниедегі,
Сен тірегім жалғыз ғана.
Күлімдеген күміс күнде
Октябрьден алған сырды.
Ақын - дағы жібектейін
Сонда ағытқан сұлу жырды.
Сонда ғана құл менен күң
Қол ұстасып билеген би.
Сонда ғана бақыт деген
Отымда тартылған күй.
Ұмытпаймын бақыт үшін
Зор майданда төгілген қан.
Ұмытпаймын қан кешумен
Күн күлімдеп атқанын таң.
Ұмытпаймын орыс жұртын
Бауырымды — майдан ері.
Неге ұмытсын дос жүрегін —
Неге ұмытсын қазақ елі.
Ұмытпаймын майдан күнін
Қиын кешу, тар қамалды,
Ұмытпаймын ел көсемін
Ұлы Ленин данышпанды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Ұмытпаймын өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Ұмытпаймын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]