Өлең: Жұмағали Саин (Міне ауыл)

Өлең: Жұмағали Саин (Міне ауыл)

Ақын айтқан түрлентіп талай жырдың
Түпкі иесі сұлу сөз көркем сырдың,
Ауыл міне өмірдің пайғамбары
Асқан нұрлы келбеті Октябрьдік.
* * *
Өкініш біреу, ой тоқсан,
Талғап айт, айтар сөзіңді!
Топта да жүйрік бар не сан,
Көтере берме өзіңді!
* * *
Ер жүрек бар, есер бар, елде де ез бар
Айтпас сыр бар адамда, айтар сөз бар
Көңіл күйін ақтарар кезің келсе
Естір жанды естіден сен таңдап ал.
* * *
Деушем сені әм сондай...
Өзімді де әм сондай...
Түсіне алмай болдым аң-таң,
Өзін. айтшы, бұл қалай?..
Маған қымбат бір жан едің.
Секілді едің серігім.
Үмітімді үздің менің,
Еліктірді сені кім?..
Саған кінә тақпан жалғыз,
Сақ сындырма, биік бол
Әлі талай жолығармыз,
Кеш көптікі, бізге жол.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Міне ауыл өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Міне ауыл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]