Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)

Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)

Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Суың кәусар, жерің бай.
Көгалың гүл,
Мәнерлі сыр,
Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Елде бақыт, шаттық күй.
Әсем сырлы,
Қызыл гүлді,
Саған арнап тарттым сый.
Мөлдір бұлақ,
Жасыл құрақ
Етегінде оранған.
Талда бұлбұл,
Төгілтіп жыр,
Күнде сауық ән салған.
Мөлдір бұлақ,
Құлағың сап,
Ән әуезін тыңдайсың.
Сылдыр, сылдыр,
Тынбайсың бір,
Төмен ағып зырлайсың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Мөлдір бұлақ өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Мөлдір бұлақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]