Өлең: Жұмағали Саин (Бұтақтардан алма қақтым)

Өлең: Жұмағали Саин (Бұтақтардан алма қақтым)

Жанымда зәулім ағаш,
Бұтақтары толған алма,
— Ағын соған қойныңды аш
Ал құшақтап қапы қалма.
Қойнымды аштым кел дегендей,
Алмадайын алқаларға.
Құшағыма ең дегендей,
Наз көтерер сүйген жарға.
Күнді сүйе көріктеніп,
Қан қызыл боп піссін алма.
Бұтағынан үзілсін де
Аузыма кеп түссін алма.
Сыбдыр етті алма ағашы,
Сықақ етіп күлді ме әлде?
Тым кекжиді ұшар басы
Мені мазақ қылды ма әлде?
Ашу қысты бар денемді
Тілімді ол білмегенсің.
Айқара ашқан құшағыма
Алма өзі кеп кірмегенсің...
Жанар таудың вулканындай
Көмейден жыр отын жақтым.
Отты деммен ашты сөздер
Бұтақтардан алма қақтым.
Топырлады қойнымда алма,
Құшағымнан төгілді асып.
Меруерттей мәнерленді,
Сұлу жырмен араласып.
Еңбек дәмін таттым сонда,
Құмарымнан шыққандай боп.
Асқақтаудан бездім мүлде
Талант жайын ұққандай боп...
Өнер термей жатсаң, ақын,
Қойныңа өзі кірмес дедім.
Еңбексіздің қанша айтса да
Алма тілін білмес дедім.
Жазамын жыр, алмадайын
Құшағымнан төгіледі.
Қазамын көп өнер кенін
Жүрекке нұр себіледі.
Кел, балалар, кел деймін мен,
Көр өлеңнің алмаларын.
Алсын теріп алтын болса,
Гәуһар, мейіз, миуаларын.
Көркем болса сөз кестесі
Тәтті болса жырдың дәмі.
Онда Отанның ардақты атын
Ақынның да ақтағаны.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Бұтақтардан алма қақтым өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Бұтақтардан алма қақтым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]