Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)

Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)

— Алло - алло!
Құлағыма,
Күй келеді, үн келеді.
— Алло - алло!!
Кремльден
Мәскеу маған үн береді.
— Алло - алло!!
Асау жел де
Баяу тыныс алады.
— Алло - алло!!
Алтай, Орал
Үнге құлақ салады.
Көк теңіздей аспанында
Ай да ақырын жүзеді.
Асып иек асқарында
Жұлдыз көзін сүзеді.
Барлық әлем бір минутпен
Бір-ақ тыныс алады,
Барлық дүние Кремльге
Бүгін көзін қадады.
Қыбырлаған жан біткеннің
Құлақтары түрілді.
Жер шарында бар әлемнің
Радиосы құрылды.
Қарт Қазыбек, ер Гималай
Үнге құлақ салады,
Құздарында аң шуламай
Ішінен дем алады.
Жалғыз ғана минут қашан
Өтер екен деді әлем.
Қашан ғана көсем сөзі
Жетер екен деді әлем.
Көшелерде қаптаған жан
Сағатына қарайды.
Тым асығыс, жаутаң-жаутаң
Минуттерін санайды.
—Алло - алло
Деді Мәскеу
Құлағымды салдым мен,
Кремльден шыққан сөзді
Міне тыңдай қалдым мен.
— Алло - алло!!
Көсем даусы
Бар дүниеге тарады,
Бар тіршілік құлақ түрді,
Әлем бізге қарады,
Жалғыз сөзін жіберместен
Жанның бәрі жаттады.
«Бақыт заңы» деді күліп
Жүрегінде сақтады.
Оның үні бір жасартты
Күш-қуатты қайнатты.
Оның даңқы көз алдымда
Шаттық отын жайнатты.
Оның сөзі сіңді бойға
Араласты қаныммен,
Оның аты көкірегімде
Бірдей болды жаныммен.
Оның даусы бақыт заңын
Жер жүзіне таратты.
Бар дүниені тамсандырды
Ол аузына қаратты.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Алло-алло өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Алло-алло

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]