Өлең: Жұмағали Саин (Түнде)
Жауқазын жасау жер-ана,
Гүлденіп жұпар жағынып,
Үкілі жібек, бай мәнер,
Алқасын алға тағынып.
Тұрған кез еді қымбатты,
Жер мәуесі салбырап.
Аспан ашық айнадай,
Алтын айы албырап.
Жантайып жаттым мен келіп,
Даланың мамық гүліне,
Сәулесі күндей көрікті,
Электрдің түбіне.
Жерде электр, аспанда ай,
Жарқырап маған төкті нұр,
Шаттыққа жаным шыдамай,
Шалқып бір сонда жаздым жыр.
Гүлденіп жұпар жағынып,
Үкілі жібек, бай мәнер,
Алқасын алға тағынып.
Тұрған кез еді қымбатты,
Жер мәуесі салбырап.
Аспан ашық айнадай,
Алтын айы албырап.
Жантайып жаттым мен келіп,
Даланың мамық гүліне,
Сәулесі күндей көрікті,
Электрдің түбіне.
Жерде электр, аспанда ай,
Жарқырап маған төкті нұр,
Шаттыққа жаным шыдамай,
Шалқып бір сонда жаздым жыр.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: