Өлең: Жұмағали Саин (Айбала)

Өлең: Жұмағали Саин (Айбала)

Аспан жүзі көгілжім,
Маужырады табиғат,
Меңіреуленген мүлгіп түн,
Сезімге жылы, тілге жат.
Түн қараңғы меңіреу,
Түнде мылқау кең дала.
Дыбыссыз, шырсыз, сыбырсыз,
Ұйқыға кірді сахара.
Түнде ән қоса тынымсыз,
Төтеден торғай шырламас.
Көгілдір көкте салып із,
Аспанмен үйрек зырламас.
Үйткені үйрек зымырап,
Көліне шомып қонған кез,
Торғай да жерден орын ап
Дамылдар кезі болған кез...
Жалғыз-ақ қырман... веялка...
Берердей боп түнге жан.
Қайратты батыр колхозшы
Қарамай түнге іс қылған,
Ай орнына жалындар
Ток басынан жаққан от,
Жел орнына желдірер
Комбайн сынды самоход.
Су орнына сылдырап,
Қырманға қызыл түсіп тұр.
Жан-жаққа желмен бытырап
Мекені шаңнан ұшып тұр.
Меңіреу түнді мелшиген
Берекелі жеңді еңбек.
Екпінге, ерге, өнерге
Әлемде не пар келмек!
Түн қараңғы меңіреу,
Түнде мылқау кең дала.
Дыбыстап әне жүр біреу,
Ол күзетші — Айбала.
Қараңғы түнге қадалып,
Айды күтеді Айбала.
Ысқырып, шырқап ән салып,
Қырманы жүреді айнала.
Қорқыныш кернеп жүрегін,
Түнерген үрей қамайды.
Желпиді кейін желегін,
Жан-жағына қарайды.
Түнеріп сала береді.
Қоюлана түн жылжып,
Өзіне-өзі серт етіп,
Айбала сөйлеп келеді...
— Ұйқы, ұйқы, сен дұшпан!
Шақырасың қол бұлғап,
Тербетпе түн, ұйықтаман!
...Сыбдырлайды жапырақ.
Қараңғы түнде кім бұзған
Жапырақтың ұйқысын?
Кім қытықтап келтірген
Сыбдырын — түнде күлкісін?
Сыбдырлаған жапырақ,
Біреу үстін қаққандай,
Айбала да тұр тыңдап,
Жігерленіп, жасқанбай.
«Мазасын алып ағаштың,
Еркелеп үрлер жел де жоқ
Сақтанайын, әлдекім?..
Отырмайын бейғам боп.
Жау ма, жат па жарақты,
Жапанда мені аңдыған?
Қарайыншы жан-жақты,
Жасырын жүрген неткен
Қараңғы түнде көз қадай
Қарсысына үңілді.
Бір маяны жағалай
Естіді шыққан дүбірді.
Дүбірді аңди жақындай,
Алдына тағы көз салды.
Қараны көрді көп тұрмай,
Мылтығын алды оқтанды
«Атаман, тоқта, ант атқан!
Қолыңды көтер көбелек
Дүние бар ма тек жатқан,
Айтшы өзіңе не керек?»
«Оңайлықпен бермеспін,
Айбала, саған жанымды.
Білмей қалдым қапы өтті,
Бұл жерде сенің барыңды...»
Деді түнді қақ жара,
Қасқырдай ұры қанды көз.
Қан ішер Қара, Айбала,
Екеуі міне болды кез.
Дала шулап, дыбырлай,
Түн селт етті сұрланды.
Мылтықтан шықты нажағай
Жоғалды түнге ұрланды...
Қойнын аша құшақтай,
Қарсы алды оқты түн ұры.
Қашты жауыз қалбақтай,
Естілді түннен сыбдыры...
— Ей!
Айбала, Айбала!
Бидайлы дала, айдала!
Мелшиген мүлгіп жапан тұз.
Қырманды қори, қорғана
Күзетте тұрсың, сен жалғыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Айбала өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Айбала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]