Өлең: Жұмағали Саин (Мәз емес)

Өлең: Жұмағали Саин (Мәз емес)

Мещанкаға

Қызыл ерін,
Жалғыз көрім,
Бетіңе «ұнды» жағынсаң.
Үйден безіп,
Көше кезіп,
Жұрттың көзін бағынсаң.
Еппен тұрып,
Көзің күліп,
Назданасың «сарына»
Бүгін мынау,
Ертең анау,
Қарамайсың арыңа.
«Мен сүйемін,
Мен күйемін»
Жаттанды бұл «ойының».
Бұл - жүрістен,
Бұл сүйістен
Болар ма бір тойымың?
Саған қарап,
Жұлдыз санап,
Жүрген жастар аз емес.
Сені бағып,
Қалта қағып,
«Олжасы» алған мәз емес.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Мәз емес өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Мәз емес

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]