Өлең: Ай... Нұр...
Боздап алам,
Әппақ ары өмірден озған адам.
Өмірі ойран болып, тозған адам.
Көктем күні қар жауып үсіп қалды-ау,
Аулада өсіп тұрған бозқараған.
Күндіз бақты,
Қалың оймен күзеткен бұл біз нақты.
Бақ аязға гүлдерін ұрғызбапты.
Кеше көрдім көп жұлдыз арасында,
Жалғыз АЙ, мұңға батып НҰР-сыз қапты.
Бір басына,
Әккі тағдыр сыйлады мұңды асыға.
Жаны әбден ғашық қыз жырға сірә,
Жабырқап жылап отыр жалғыздықта,
Сұқтанып суық түннің сұлбасына.
Биік Ардан,
Айрылды атырапқа сыйы бар жан.
Жадында қоңыр қобыз - күйі қалған.
Абайсызда адасқан аққу қызды,
Аямай шақты ма екен бүйі талғам?!
Жазықты кім?
Кеткен кім Сәусан гүлдің қазып түбін?
Ұлы дала, кетіпті тозып гүлің.
Тағдырына өкпелі гүл бойына,
Жиып алған әлемнің нәзіктігін.
Жылап күлген,
Сол аруды кіршіксіз ұнаттым мен.
Қыз даусына татымас бұлақ мүлдем.
Болмысы Айға, Нұрға ұқсаса да,
Аумай қалған сары қыз бірақ, Күннен.
《-Әппақ адам,
Сені барлық күнәңнан ақтап алам.
Сезімім үшін кінә тақпа маған.
Өлеңіме ерекше өрнек қылып,
Сені маған жіберген Хақ Тағалам.
Жолды басқа,
Таңдамаймын, сезімім қалғымас та.
Сен маған, адал бол тек, арды баспа.
Мен сені келін қылам анашыма,
Артық сөз керек емес, САЛҒЫЛАСПА!!!》
Әппақ ары өмірден озған адам.
Өмірі ойран болып, тозған адам.
Көктем күні қар жауып үсіп қалды-ау,
Аулада өсіп тұрған бозқараған.
Күндіз бақты,
Қалың оймен күзеткен бұл біз нақты.
Бақ аязға гүлдерін ұрғызбапты.
Кеше көрдім көп жұлдыз арасында,
Жалғыз АЙ, мұңға батып НҰР-сыз қапты.
Бір басына,
Әккі тағдыр сыйлады мұңды асыға.
Жаны әбден ғашық қыз жырға сірә,
Жабырқап жылап отыр жалғыздықта,
Сұқтанып суық түннің сұлбасына.
Биік Ардан,
Айрылды атырапқа сыйы бар жан.
Жадында қоңыр қобыз - күйі қалған.
Абайсызда адасқан аққу қызды,
Аямай шақты ма екен бүйі талғам?!
Жазықты кім?
Кеткен кім Сәусан гүлдің қазып түбін?
Ұлы дала, кетіпті тозып гүлің.
Тағдырына өкпелі гүл бойына,
Жиып алған әлемнің нәзіктігін.
Жылап күлген,
Сол аруды кіршіксіз ұнаттым мен.
Қыз даусына татымас бұлақ мүлдем.
Болмысы Айға, Нұрға ұқсаса да,
Аумай қалған сары қыз бірақ, Күннен.
《-Әппақ адам,
Сені барлық күнәңнан ақтап алам.
Сезімім үшін кінә тақпа маған.
Өлеңіме ерекше өрнек қылып,
Сені маған жіберген Хақ Тағалам.
Жолды басқа,
Таңдамаймын, сезімім қалғымас та.
Сен маған, адал бол тек, арды баспа.
Мен сені келін қылам анашыма,
Артық сөз керек емес, САЛҒЫЛАСПА!!!》
МҰСТАФА ӘУЕЗОВ 12.04.2020
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: