Қазақша өлең: Тентек бала

Қазақша өлең: Тентек бала

Тентек бала отырды іші пысып үйінде,
Жалықтырды барлығы: ойындар, мультфильм де.
Ата-анасы жұмыста бас көз болар ешкім жоқ,
Сіріңкемен ойнады, от шарпыды киімге.
Перде, кілем барлығын жалын жалмап барады,
Жас бүлдіршін бір сәтте өрт ішінде қалады.
Ата-анасы жұмыста көмек берер ешкім жоқ,
Шарасыздан балақан өксіп-өксіп жылады.
Лаулаған от ішінен шықты сонда бір ағай,
Баланы өрттен құтқарды бір мезетте ойланбай.
Бес қаруын асынып қайтадан кетті ұрысқа,
Қызу отпен айқасты ыстығына қарамай.
Тілсіз жауды ауыздықтап, құтқарушы жарады,
Қалың елдің қошемет, алғысын да алады.
Өрттен қорқып ентіккен кішкентайға тақалып,
«Қалың калай, балақан» - деп, басынан сипады.
Гүл шоқтарын ұстаған ағылып жатты балалар,
Алтын ұя мектепке ауылдың да, қаланың.
«Өскенде кім боласын?» - деп сұрады ұстазы,
Тентек бала тіл қатты: «Құтқарушы боламын!»
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тентек бала өлең олен, тентек бала өлең, тентек бала олен, тентек бала стихи олен, тентек бала стихи на казахском языке, скачать стихи на казахском языке, тентек бала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]