Қазақша өлең: Орынбай ақын Бертағыұлы (Өлген соң бай мен жарлы мал демейді)
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді,
Мынаны бер, мынаны ал демейді.
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап,
Астына қалың көрпе сал демейді.
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені,
Бетіне бірдей қылып өң бергені.
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап,
Құдайдың осы емес пе тең көргені.
Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды,
«Құдай» деген пендесін жарылқайды.
«Адам басы - алланың добы» деген,
Соқса да қалай қарай домалайды.
Мынаны бер, мынаны ал демейді.
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап,
Астына қалың көрпе сал демейді.
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені,
Бетіне бірдей қылып өң бергені.
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап,
Құдайдың осы емес пе тең көргені.
Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды,
«Құдай» деген пендесін жарылқайды.
«Адам басы - алланың добы» деген,
Соқса да қалай қарай домалайды.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Орынбай ақын Бертағыұлы (Жұбату)
» Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Бақытым сен демейді енді....)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім)
» Қазақша өлең: Орынбай ақын Бертағыұлы (Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Адрессіз бала)

Іздеп көріңіз: