Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Ер жігіт дүниені көргені артық)

Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Ер жігіт дүниені көргені артық)

Ер жігіт дүниені көргені артық,
Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық.
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық.
Қол берген қиын жерде жолдас артық,
Бас тартқан жолдасынан болмас артық.
Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген,
Досыңнан - қатын - балаң болмас артық.
Жігітке сайран етіп жүрген артық,
Жігіттік бір кеткен соң, келмес қайтып.
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан - тәнің бірдей жанып күйген артық.
Осылай бозбалаға салдым ңұсқа,
Өмірің зайғы болар бекер босқа.
Көргенің бір күнгідей болмас сірә,
Міне, ажал келді нәубат деген тұста.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
биржан сал біржан сал Ер жігіт дүниені көргені артық өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, біржан сал өлеңдері скачать, біржан сал өлеңі, биржан сал өлеңдері, биржан сал олендери, биржан сал олендери казакша, биржан сал қазақша олен, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]