Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Ақсеркеш)
![Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Ақсеркеш)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-04/1460228812_a2xvyuznreu.jpg)
Бір атты сатып міндім елу беске,
Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке.
Бозбала, бекер сал боп неге керек,
Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке".
Бәйгеден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ - талайын?
Жиылып үлкен - кіші отырғанда,
Толқытып "Ақсеркешке" мен салайын.
Жем жейді қара арғымақ түрт дегенде,
Аяғын жекей басар қық дегенде.
Жерлерге үш айшылық болады азық,
Аузынан жан қалқаның үп дегенде.
Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке.
Бозбала, бекер сал боп неге керек,
Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке".
Бәйгеден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ - талайын?
Жиылып үлкен - кіші отырғанда,
Толқытып "Ақсеркешке" мен салайын.
Жем жейді қара арғымақ түрт дегенде,
Аяғын жекей басар қық дегенде.
Жерлерге үш айшылық болады азық,
Аузынан жан қалқаның үп дегенде.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: