Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Көлбай - Жанбай)

Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Көлбай - Жанбай)

Аржақта отыратын Көлбай - Жанбай,
Шідерімді кім алды, Ләйлім алмай ?
Балағы шідерімнің алтын еді.
Асығыстан барамын сұрай алмай.
Көлбай - Жанбай, тыңдашы, асыл тасым -
Біте қайнап, бірге өскен замандасым.
Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ,
Ұрлап алған өзіңнің қарындасың.
Сегіз би сиезіне бердім жөнге,
Шідерімді таң қалар көрген пенде.
Шідерімнің бағасын сұрасаңыз,
Бағасы болады оның жүз мың теңге,
Көлбай - Жанбай, дегенге, асыл сүйек,
Бір тәңірден мен жүрмін тілек тілеп,
Форымын шідерімнің сұрасаңыз,
Сап күмістен балағы, алтын тиек.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
біржан сал көлбай жанбай, биржан сал біржан сал Көлбай - Жанбай өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, біржан сал өлеңдері скачать, біржан сал өлеңі, биржан сал өлеңдері, биржан сал олендери, биржан сал олендери казакша, биржан сал қазақша олен, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]