Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Талай заман)

Қазақша өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Талай заман)

Мен Біржан болғалы талай заман,
Пар келмеген еш әшші тіпті маған.
Бір сұлу қыз найманда бар дегенмен,
Бек мұқтаж бір көруге болдым соған.
Мен Біржан болғалы биыл емес,
Өлең шіркін біздерге қиын емес.
Алты қырдың астынан ән шырқасам,
Дауысым отарбадан кейін емес.
"Кідік - айға" кім басар мен тұрғанда,
Аузымда тәңрім берген жел тұрғанда?
Қырғын көктің баласы ойдық желке,
Құйысқаны сарт етер ұмтылғанда.
Қарайып қара көлде қамыс қалды,
Ауылы ғашық жардың алыс қалды.
Ауылы ғашық жардың алыс қалып,
Сағынғаннан қараумен көзім талды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
биржан сал біржан сал Талай заман-өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, біржан сал өлеңдері скачать, біржан сал өлеңі, биржан сал өлеңдері, биржан сал олендери, биржан сал олендери казакша, биржан сал қазақша олен, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]