Қазақша өлең: Жаяу Мұса Байжанұлы (Ақ сиса)

Қазақша өлең: Жаяу Мұса Байжанұлы (Ақ сиса)

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу, белін қиса.
Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу, зорлық қылса
Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді,
Көрермін ақыр бір күн туса.
Мен айтсам, параңды айттым, тілім ұзын,
Кигенім үстімдегі бәрі қызыл.
Жылансың екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім.
Арыстан айға шапты, аяқ сынды,
Жемқорлар жолдас қылды қара түнді
Ел көз жасы тиеді тұқымыңа,
Әділ ұлық қуалар оңды- солды.
Он екі жыл айдадың Тобыл жаққа,
Ем болмас бастан бағың таяр шақта,
Дуанбасы мен өзім деме, Мұса,
Балаң кетсін тоз-тоз боп әр тарапқа.
Әй, Мұса, сен - бидайық, мен- бір торғай,
Жүрерміз, тірі болсақ, ойнай-ойнай.
Параны мұнан былай тоқтат, Мұса,
Нашардың жон терісін өзің соймай.
Құтқар деп жалынбаймын саған, Мұса,
Босатпайсың, әй, Мұса, қарның тоймай.
Берерім жоқ, еңбекпен күнді көрген,
Адаммын жалғыз жүрген, бедняк шорнай.
Жаныма батқандықтан ашынамын,
Мен неге жаяумын деп басыламын
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Қоллығын Мұстапаның паш кыламын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жаяу мұса ақ сиса скачать, жаяу мұса ақ сиса текст, жаяу мұса ақ сиса сөзі, жаяу мұса Ақ сиса өлең олен, жаяу мұса өлеңдері, жаяу мұсаның өлеңі, жаяу мұса байжанұлы өлеңдері, жаяу мұса байжанұлы өлеңі, стихи на казахском языке жаяу муса, скачать стихи на казахском языке жаяу муса

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]