Қазақша өлең: Жаяу Мұса Байжанұлы (Қабір басында)

Қазақша өлең: Жаяу Мұса Байжанұлы (Қабір басында)

Жатырмысың, ей, Сапар,
Топырақпен барабар.
Қара шымды жамылып,
Қалғаныңба, қайран жар!!
Қазір келдім басыңа,
Жалғыз Садық қасымда
Топырақ астында қалыпсың
Отыз жеті жасыңда.
Қалдым көрмей жүзіңді,
Естімей қалдым сөзіңді.
Жеткізбей хабар бір адам,
Жеткізе алмадым өзімді.
Сұрақсыз кешу ол менен,
Топырақ көрдім мен сенен.
Қауіпті болса мен кештім,
Көрмеген соң мен зиян.
Есілде қалдың топырақ,
Мінгізгей Тәңірім ол пырақ .
Жарым Сапар, қош енді,
Тұрмайсың мың жыл тұрсам да.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жаяу мұса Қабір басында өлең олен, жаяу мұса өлеңдері, жаяу мұсаның өлеңі, жаяу мұса байжанұлы өлеңдері, жаяу мұса байжанұлы өлеңі, стихи на казахском языке жаяу муса, скачать стихи на казахском языке жаяу муса

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]