Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Тезекке тепсіну)

Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Тезекке тепсіну)

Ойланып қара, хан сұлтан,
Жолы қандай жақсының.
Үйіңе келген кісіні
Өлтірем деп қожаңдау -
Ісі емес пе бақсының?!
Өрістен ұрлап жегенің,
Сүйек таппай қаңғырған
Жұмысы болар қасқырдың.
Ел қадірін білмейсің,
Хан едім деп қастанып,
Бұқараңа қас қылдың.
Жарлының ұрлап жалғызын,
Шығармай қырға аш қылдың!
Хан емессің, қиықсың,
Қалың елді айдап жеп,
Теріңе зорға сыйыпсың.
Ұры-қары зұлымның,
Бәрін өзіңе жиыпсың.
Жанға жауап ьермейтін,
Дүлей мылқау сияқты,
Қиял мінез тұйықсың!
Дүниені жұтса тоймайтын,
Түпсіз жатқан ұйықсын!
Басшылық жоқ халықта,
Аққан судан сұйықсың.
Судан да сусын қанады,
Оппа балшық сықылды,
Жұтқыш лай былықсың!
Ел құмарын тарқатып,
Бір шешпедің түйінді.
Не деп айтып мақтаймын
Төре-қара биімді.
Хан ордадан топырлап,
Тарап жатқан елің жоқ,
Көр қылдың орда үйіңді,
Ашулансаң, хан Тезек,
Өлтірерсің Сүйінді.
Сүйінбай ақын өлген соң,
Көрерсің Тезек қиынды.
Шапырашты тентек ел,
Шығармай ма мыйыңды?
Қалың қазақ жиылып,
Бет-аузыңды қан қылып,
Бермей ме сөйтіп сыйыңды?
Сұраншы бастап аттанып,
Қарасай ұран шақырып,
Қызыл қанды сапырып,
Кетірер бастан күйіңді!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сүйінбай аронұлы Тезекке тепсіну стихи олен өлеңі, суюнбай аронулы стихи на казахском языке, суюнбай аронулы олендери на казахском языке, суюнбай аронулы олен, сүйінбай аронұлы өлеңдері әдеби әлем, сүйінбай аронұлы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]