Өлең: Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1581417508_81155d97d4385e4bceed7f9ad0b8c487.jpg)
Гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда.
Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.
Қайырмасы:
Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда 2 рет.
Ай болмаса аспанда - адасады.
Көтермесең көңілді кір басады-ай.
Жақсылардың көңілі алтын сандық,
Кілт болмаса сандықты кім ашады-ай.

![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: