Өлең: Қалқатайдың дауысы-ай! (Қазақ ауыз әдебиеті)
![Өлең: Қалқатайдың дауысы-ай! (Қазақ ауыз әдебиеті)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2020-02/1581417508_81155d97d4385e4bceed7f9ad0b8c487.jpg)
Аралаймын аулыңды тарланменен,
Қарамайсың қасыңа барғанменен.
Ойнамаймын, күлмейін десем дағы, ахау,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.
Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай
Көкейімнен кетпейді-ай,
Қалқатайдың дауысы-ай.
Бетер деймін ендеше, бетер деймін,
Осы бүгін көңіліңді көтер деймін.
Осы бүгін көңіліңді көтермесең,
Ойнағаның, күлгенің бекер деймін.
Қайырмасы:
Тауып алдым аққудың жұмыртқасын,
Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын.
Өлең айтпай біз қалай отырамыз,
Сіздерменен біздер боп жолыққасын.
Қайырмасы:
Қарамайсың қасыңа барғанменен.
Ойнамаймын, күлмейін десем дағы, ахау,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.
Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай
Көкейімнен кетпейді-ай,
Қалқатайдың дауысы-ай.
Бетер деймін ендеше, бетер деймін,
Осы бүгін көңіліңді көтер деймін.
Осы бүгін көңіліңді көтермесең,
Ойнағаның, күлгенің бекер деймін.
Қайырмасы:
Тауып алдым аққудың жұмыртқасын,
Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын.
Өлең айтпай біз қалай отырамыз,
Сіздерменен біздер боп жолыққасын.
Қайырмасы:
![](https://www.zharar.com/image/download.webp)
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: