Өлең: Балам, зерделі, дана бол (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Балам, зерделі, дана бол (Қазақ ауыз әдебиеті)

Балам, зерделі, дана бол,
Адасқанға пана бол!
Ісіңе ақылың серік болсын,
Жүзің ыңғай ашық болсын.
Лебізіңе жұрт ғашық болсын,
Жүрегің Құдай сөзіне ашық болсын!
Әкеңнің жіберген кемтігі толсын,
Қасыңнан азғырушы қашық болсын!
Қиындық көрсең, мұңайма,
Ауырлық көрсең, жұқарма.
Себебі: жарларлық олар емес,
Дүниеқоңыздық өмір емес!
Біріншіден,
Тәңірден панаң болсын,
Қиында оның сөзі шипа болсын!
Екіншіден,
Алған жарың жақсы болсын,
Ата-анаңды сыйлайтын болсын!
Үшіншіден,
Балақанмен бесік іші жыбыр болсын,
Отбасы баламенен дүбір болсын!
Лайым солай Құдай қолдай берсін,
Ақ тілектеріңді қабылдай берсін!
Аллаху әкбар!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Балам зерделі дана бол өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Балам зердели дана бол казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Балам зерделі дана бол

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]