Өлең: Агаги, Қалқаш (Қазақ ауыз әдебиеті)
Қиылған құндыз кірпік, қолаң шашты,
Көргенде туған асыл қарындасты,
Ойымда тоқсан түрлі толқын туып,
Көңілден мазам кетіп, ұйқым қашты.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!
Жіңішке бітер айдай сұлу қабақ,
Ақ сүттей толықсыған уыз тамақ.
Шыдасын қалай ғана, шіркін, көңіл,
Агаги отты көзін тұрса қадап.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!
Қалайша сонда ойда тумас жалын,
Сөндірер сол жалынды бар ма амалым.
Жасырар бар ма менің әл-қуатым,
Махаббат деген тәтті арман барын.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!
Көргенде туған асыл қарындасты,
Ойымда тоқсан түрлі толқын туып,
Көңілден мазам кетіп, ұйқым қашты.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!
Жіңішке бітер айдай сұлу қабақ,
Ақ сүттей толықсыған уыз тамақ.
Шыдасын қалай ғана, шіркін, көңіл,
Агаги отты көзін тұрса қадап.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!
Қалайша сонда ойда тумас жалын,
Сөндірер сол жалынды бар ма амалым.
Жасырар бар ма менің әл-қуатым,
Махаббат деген тәтті арман барын.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: