Өлең: Абайкөк (5 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Абайкөк (5 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк,
Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп.
Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк,
Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.

Иығына жамылған жібек шоқа,
Жағасы мен етегі тіккен оқа.
Көз тойғандай қараса келбетіңе,
Ондайлы денесіне киім жұқа.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Абайкөк (5 ­нұсқа) өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Абайкок (5 ­нуска) казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Абайкөк (5 ­нұсқа)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]