Өлең: Мамырбек Үкірдайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Мамырбек Үкірдайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жер жарған атың Мамырбек,
Ханымың қалды бәйшешек.
Еженнен алдың Қызылтас,
Тұқымың дегдар қаракөк.
Арғы атаң сенің Көгедай,
Тараған ұрқың көп еді-ай.
Алты арыс, төрт төңірек,
Бір мамаң білсін деп еді-ай.
Билеген мамаң талайды,
Жол ашып көрдің талайды.
Сізге өлшем қылсам, жетер ме,
Сүлеймен мен Малайды?!
Өз әкеңіз—Жанымқан,
Ордаңа келген мың мен сан.
Қайраны тиіп халыққа,
Жалған ба сөзім, анық па?
Ханымын қажыға апарған
Бар ма екен күллі халықта?!
Дұшпаның келіп қорғалап,
Бөденедей жорғалап.
Ойласаң ондай бақ қайда,
Бір кісіге орнамақ!
Қыдырлы бақ орнаған,
Тәлімің бар ма еді сормаған.
Төрт төңірек жамбысын,
Өз қолыңнан сайлаған.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Мамырбек Үкірдайды жоқтау өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Мамырбек Укирдайды жоктау казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Мамырбек Үкірдайды жоқтау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]