Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Арманым)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Арманым)

Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай,.
He бар, не жоқ - дүние халін сезе алмай.
Зейінім - ауыр, қолым - қысқа, жолым - тар.
Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай.
Көзім көріп, айтуға тілім бата алмай,
Ішім қайнап тағы да шыдап жата алмай,
Мендей міскін бар ма екен хақтың құлында,
Керексіз болған еңбегі еткен ақы алмай.
Мен дос көрсем, мені санап дұшманға,
Айтқанымды алғыза алмай еш жанға.
Қаскүнемнің хайласына көз жетпей,
Білерсің бір-ақ бүйіріңнен қысқанда.
Аяусыз жаным, мен бір кұрбан лағың,
Болса алуға, қаным себеп, мұрадың.
Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың,
Сен көркейді деп естісе құлағым.
Азуды қайрап, бармақты шайнап өтті күн,
Ғылымды іздер, алысты көздер жетті күн.
Ақсақал артқа, жастар тартса салтқа.
Әперер жұртқа кекті кім?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
міржақып дулатов Арманым өлеңі олен стихи миржакып дулатов, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатов олени, мыржакып дулатов стихи на казахском языке, мыржакып дулатов стихи, на казахском языке мыржакып дулатов стихи на казахском языке, стихи мыржакыпа дулатова на казахском языке, міржақып дулатов өлеңдер жинағы, міржақып дулатовтың өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]