Өлең: Баланы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Айрылдым қайран құлыным,
Қолқа жүрек жұлыным.
Кеше ғана жүр едің,
Секеңдеген тиыным.
Зар болды ғой құлыным,
Жылаумен өтер бұл күнім.
Жас кеттің ғой, қайтейін,
Бақшадағы бұлбұлым.
Арманда кеткен жас өлім,
Ерімес қара тас өлім.
Жаралы менен жалғызға
Қарамаған осы өлім.
Әуеден ұшқан ақ ұлар,
Балақта жүні қағылар.
Кеше де жүрген құлыным,
Іздесем қайдан табылар?
Қолқа жүрек жұлыным.
Кеше ғана жүр едің,
Секеңдеген тиыным.
Зар болды ғой құлыным,
Жылаумен өтер бұл күнім.
Жас кеттің ғой, қайтейін,
Бақшадағы бұлбұлым.
Арманда кеткен жас өлім,
Ерімес қара тас өлім.
Жаралы менен жалғызға
Қарамаған осы өлім.
Әуеден ұшқан ақ ұлар,
Балақта жүні қағылар.
Кеше де жүрген құлыным,
Іздесем қайдан табылар?
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өлең: Ананың ұлын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Еркінді шешесі Қамария Иманбайқызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Өлең: Құдайбергенді әпкесі Жібектің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Іздеп көріңіз: