Өлең: Ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Төр жапсарын ояйын,
Орнына сандық қояйын.
Дүниеден өткен анам-ай,
Орныңа кімді қояйын?!
Қалайы сандық қапсырдың,
Дәнекерлеп жапсырдың.
Артыңда қалған балаларды,
Анашым кімге тапсырдың?!
Шайыдан көрпе құрайын,
Дүниеден өткен анама,
Алладан иман сұрайын.
Базардан келген матадай,
........белге батады-ай.
Анашымның жоқтығы
Бір өзіме батады-ай.
Базардан келген көк арба,
Жаңбыр тисе, оңар ма?
Қанша адам жиналса,
Анашым, сендей болар ма?
Қайғыдан тарттым сырнайды,
Қайғының оғы зырлайды.
Мен қайғыдан жыласам,
Мұңлы бір адам жылайды.
Арғымақ келер еңістен
Төрт аяғы күмістен.
Айналайын, жан анам,
Орның болсын пейіштен!
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағынып.
Айналайын анашым!
Күнім бір өтті сағынып.
Мінгенде атым қара кер,
Жалынан аққан қара тер.
Анашым, сенің жоқтығың
Маңдайға түскен қалың сор.
Мінгендей атым кер ме екен?!
Маңдайдан аққан тер ме екен?!
Ащы даусым шыққанда
Сұлуымның даусы дер ме екен?!
Анашым келді сексенге,
Жылайын, жұртым, сөксең де,
Анашым енді табылмас,
Етектеп алтын төксем де.
Қайыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қиамет мақшар болғанда
Қосылар ма екен сүйегім?!
Жетімді жетім деп пе едің?!
Жетімнен ақы жеп пе едің?!
Өзің бір кетіп бақиға,
Жетім боп қалсын деп пе едің?!
Базардан келген машина,
Табанында жазина.
Анашым сенен айрылып,
Жүреміз енді не күйде?
Ауырды анам басым деп,
Сексенге келді жасым деп,
Алладан ұрпақ тілеген,
Артында жылап қалсын деп.
Үй артында арғымақ.
Байлауда тұрмас қарғылап.
Басыма түсті мың қайғы,
Анашымдай тау құлап.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ананы жоқтау өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ананы жоктау казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ананы жоқтау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]