Өлең: Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Әуеллі Алла әліптен.
Қисапсыз сөз жазылған,
Жиырма сегіз әріптен.
Бізді асырап, адам қып,
Жұртқа жөнін танытқан.
Сол атам хабар алғайсыз!
Біздей мұңлы ғарыптан.
Жетпіс үшке келгенде,
Жол тартты дүние—жарықтан.
Алтындай менің жүрегім,
Қайғы отына шалыққан.
Ақылды бізге кім айтар,
Сол атам құсап анықтан.
Өлгенде жерін айтайын,
Құсемшектің жағасы-ай.
Иманды болғыр ата-енем,
Жел жағымның панасы-ай.
Арғы ұраның Мәмбетті-ай,
Бұрынғы елден сән кетті-ай.
Ата-енем бірдей кеткен соң,
Жылап та сықтап жан кетті-ай.
Бергі ұраның Қожақұл,
Өлімге болмас кім мақұл?
Ата-енем үйден кеткен соң,
Айтады бізге кім ақыл?
Құсемшек бойы екі су,
Құлады біздің алтын ту.
Алтын ту емей немене
Қаракерей еткен бу.
.................................
.................................
Қабанбай батырдың
Әулетінен тараған.
Қаншама жыл ел билеп,
Қамына елдің қараған.
..................................
Күдерін үзді-ау баладан.
Ақ сұңқар ұшты құйылып,
Жібектей бауы қиылып.
Көзден аққан қанды жас
Тарқар ма екен тиылып.
Ағайын-туған келеді-ау,
Бас қалқам деп күйініп!
Енді бізге кім келер,
Ақыл сұрап жиылып?!.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Байтиш Укирдайды келини Шалканнын жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]