Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспаннан ұшқан самұрық,
Жұлдыздай кетті-ау ағылып.
Айрылман деген атам-ай,
Айрылып қалдым не қылып?!
Мінгенде атым бурыл тай,
Алтын қазық сурылды-ай.
Атекем сені ойласам,
Амалым менің қурылды-ай.
Айналайын атам-ай!
Ықылас берген батаң-ай.
Осынша сізді қинайтын,
Жоқ еді ғой қатаң-ай.
Атекем сізді силағам,
Шын жүректен қимағам.
Арқан соғып, арық қазғанда,
Шыбын жанды қинаған.
Асқар таудай биігім,
Жаралы болған киігім.
Жазықсыздан мерт болдың,
Түгемес іштен күйігім.
Көлде жүзген ақ балық,
Торға түсті-ау алданып.
Біз жыламай кім жылар,
Артыңда қалдық зарланып.
Дауысым шықты-ау талығып,
Бізді кетті налы қып.
Жүректің шерін ағытам,
Атаекем сізді сағынып.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Келіннің атасын жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Келиннин атасын жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Келіннің атасын жоқтауы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]