Өлең: Ата-ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Ата-ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аппақ сүтін емізген,
Мейірі терең теңізден.
Таппаспын, ана, өзіңдей,
Ақ еділ жанды өмірден.
«Қарғам» деп жүріп қартайдың,
Ұйқысын қиып әр таңның.
Ажымға толып ақ жүзің,
Ағарды қара самайың.
Науқастың болмай амалы,
Күн туды басқа қаралы.
Анамыз сізден айрылып,
Көңіліміз болды жаралы.
Жан анамнан айрылып,
Басыма түсті қайғы-шер.
Айналайын, анашым,
Тұрағың болды-ау қара жер.
Анамдай кім бар аяулы,
Мейірін күндей жаяды.
Алыс та жақын емдеттік,
Болмады шипа баянды.
Құрметтеген бар адам,
Анашым еді балажан.
Мәпелеп бізді баққаны,
Шығады қайтып санадан.
Немере, жиен тағдыры,
Бәрін де оймен шарладың.
Көрмедім деп қызығын,
Ішіңде кетті арманың.
Алтай, Жайыр, Сауырым,
Бытырай қонған ауылым.
Ата-анадан айрылып,
Қайғының көрдік ауырын.
Ата-анам еді қормалым,
Қысылғанда қорғаным.
Екеуіңнен айрылып,
Қайғылы көңіл болғаным.
Әкем еді асқарым,
Шешем еді дастаным.
Екеуін бірдей әкеткен,
Ажал екен қас-қағым.
Қайғысыз, сірә, жоқ пенде,
Арман тіпті көп менде.
Кетемін ойлап сіздерді,
Қасымнан қарттар өткенде.
Аяулы әке, жан ана,
Бір күнің бізге зар болды.
Екеуіңнен айрылып,
Кең дүние тар болды.
Есіктің алды тобылғы,
Көзден жасым төгілді.
Ата-анадан айрылып,
Қабырға етім сөгілді.
Асқар тауым құлады,
Бәйтерегім сұлады.
Екеуіңнен айрылып,
Жүрегім зар-зар жылады.
Жаралған артық порымның,
Ұйтқысы болған елімнің,
Қадірлі, қайран ата-анам!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Ата-ананы жоқтау өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ата-ананы жоктау казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ата-ананы жоқтау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]